«Нұр Отан» «Жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуде

None
None
АРАҒАНДЫ.Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Жол картасының» барлық нысандарында партиялық бақылау бекеттері жұмыс істейді, деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалынан.

«Нұр Отан» ХДП «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді жалғастыруда. Облыста 2010 жылғы бағдарламаға енгізілген барлық 527 нысанда партиялық бақылау бекеттері құрылған. Бақылау бюджет қаражатын мақсатты пайдалану, құрылыс жұмыстарының сапасы бойынша жүргізіліп, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мәселесі қадағалануда», деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалынан.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Теміртау қаласындағы «Жастар» жүзу бассейніне күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл нысанға республикалық бюджеттен 512 млн. теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары 2010 жылдың наурыз айында басталды және ағымдағы жылдың қарашасына дейін аяқталуы тиіс.

«Бұл нысандағы жұмыс барысын құрамында үш адам бар партиялық бақылау бекеті қадағалайды. Бұл жерге «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Базарбаев келіп кетті», деп атап өтеді филиал. Партиялықтар жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізіліп жатқандығына көз жеткізді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2010 жылы Қарағанды облысына 13 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Аталған бағдарламаның жүзеге асырылуының нәтижесінде 13 мыңнан астам жұмыссызды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар