+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Сайлауда партияның беделі, оған деген халықтың сенімі көрінеді - Нұрсұлтан Назарбаев

2019 жылғы 23 сәуір 11:59
Бөлісіңіз:
Сайлауда партияның беделі, оған деген халықтың сенімі көрінеді - Нұрсұлтан Назарбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлау туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлаудың қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы жетекші саяси партия ретінде өзінің мәртебесін күшейтуі керек. Біздің алған бағытымыз дұрыс. Ал халық бізге сенеді. Ел азаматтары бізге әрқашан сенуі керек. Соған жұмыс істеуіміз қажет. Барлығына тек сәттілік тілеймін», - деді Елбасы партияның кезектен тыс XIX съезінде.

Айта кетейік, съезд кезінде Елбасы «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдауға қатысты тапсырмалар берді.
«Бізге үлкен жұмысты атқару қажет. Сайлауда партияның беделі, оған деген халықтың сенімі көрінеді. «Nur Otan» партиясына белсенді әрі сенімді сайлау науқанын өткізу керек. Алдымен республикалық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бізде ол жағынан тәжірибе бар. Оны қалай ұйымдастыру қажеттігін білеміз. Меніңше, біз ол жұмысты абыроймен атқарып шығамыз», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, сенімді адамдардың қатарына танымал қоғам қайраткерлері кіруі тиіс. Ал үгіт-насихат жұмыстары кезінде жаңа коммуникация құралдары мен саяси технологогияларды қолдану қажет. Осы орайда шетелдік тәжірибені де зерделеп шыққан жөн.

Айта кетейік, осы уақытта елордада ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT