+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

«Nur Otan» зейнетақы жинағын алу кезінде 10% салық салудан бас тартуды ұсынады

2020 жылғы 15 қыркүйек 14:01
Бөлісіңіз:
«Nur Otan» зейнетақы жинағын алу кезінде 10% салық салудан бас тартуды ұсынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде 10%-дық салық салудан бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жылына 4 мың тонна тауарлы балық өсіру көзделуде Ақмола әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткіштеріне қол жеткізді Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы төмендеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылдың өзінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компаниялардың иелігіне беруге пайдалана алуы міндетін қойды. Ел Президенті атап өткендей, бұл мәселе әсіресе, дәл қазір ерекше маңызды. Өйткені, азаматтардың «әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты».

Сонымен қатар, Салық кодексіне сәйкес қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының мерзімінен бұрын алынған бөлігіне 10 пайыздық табыс салығы салынатын болады.

Осыған байланысты, партиялық куратор, Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Артур Платонов зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде 10 пайыздық салық салуды алып тастау бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

«Nur Otan» партиясы Мемлекет басшысының бастамасы, ең алдымен, халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған, сондықтан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану кезінде ерекше жағдайлар қарастыру қажет деп есептейді.

«Азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу кезінде салық түрінде ұстауға жоспарланған қаражат мемлекеттің барлық экономикалық мәселелерін шешпейді, бірақ тұрғын үй мәселесін шешуде, мұқтаж азаматтарды емдеуде айтарлықтай көмек бола алады», - деді Артур Платонов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Смағұлова Еркежан

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT