«Нұр Отан» тұғырнамасы халықтың сұранып тұрған қажеттіліктеріне толық жауап береді - Қ. Сұлтанов

None
None
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Нұр Отан» тұғырнамасы халықтың сұранып тұрған қажеттіліктеріне толық жауап береді.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты партияның сайлауалды тұғырнамасы қабылданды. Осыған орай журналистерге өз пікірін білдірген мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов осылай мәлім етті.

«Халыққа керегі - жұртшылықтың әлеуметтік әлеуетін күшейту. Бұл тұрғыда айта кетерлігі, «Нұр Отан» бұған дейінгі халық алдында жариялаған тұғырнамасын толық атқарып шықты. Бұған дейінгі тұғырнама үлкен базаның рөлін атқарып, болашақтың мүмкіндігін ашуға септігін тигізді. Ендігі уақытта жұртшылықтың әлеуетін арттыру мақсатында жұмыс орындарын көбейту, жаңа технологиялармен жарақтанып, азаматтарды жаңа деңгейде оқыту міндеті тұр. Бұл ретте үлкен қалаларға, үлкен өндірістерге қарай қозғалыс болып жатқаны айқын. Бұны мемлекет өз есебімен пайдаланып қалуы керек. Сайлауалды бағдарламаның ең өзекті, ең сүйекті тұсы да осы», - деді Қ. Сұлтанов.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» бағдарламасы халықтың сұранып тұрған қажеттіліктеріне толық жауап береді. «Сайлау алдындағы бағдарлама халықтың жүрегіне жетуі шарт», - деді Қ. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар