«Nur Otan» тізімі жаңа Парламенттің кәсіби тұрғыдан өскенін көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» тізімі жаңа Парламенттің кәсіби тұрғыдан өскенін көрсетеді. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін жария етілген «Nur Otan» партиясының тізімі ең алдымен 70 пайызға жаңарғанын атап өткен орынды. Яғни жаңа тұлғалар жаңа Парламентте заң шығарушы қызметті жүргізеді. Екіншіден, жаңа Парламент — қоғамдық-саяси консенсустың нәтижесі. Демек, қоғам тарапынан көрініс тапқан мүдделердің ескерілуі деген сөз. Үшіншіден, бекітілген тізімде қоғамдық пікір жетекшілері, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам арасында беделі жоғары адамдардың болуы жаңа Парламенттің кәсіби тұрғыдан өскенін көрсетеді», - деді Алуа Жолдыбалина.

Айта кетейік, бүгін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп , ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданған еді.


Соңғы жаңалықтар