«Нұр Отан» ШҚО-дағы ауызсуға мұқтаж ауылдың мәселесін бақылауға алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының өкілдері Шемонаиха ауданының Қызыл Шемонаиха ауылына ауызсу тарту жобасының барысына рейд жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылысы кешіккен жоба былтыр желтоқсанда бітуі тиіс болған. Ауыл халқы ауызсуды күтіп әлі отыр. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Молдахановтың айтуынша, мұндай кемшілікке мердігер компанияның салғырттығы себепкер болған.

«Қызыл Шемонаиха ауылына су тоғаны 1970 жылы салынған.  Сондықтан орынан жаңасын салу әлдеқайда тиімді еді. 2013 жылы дайын болған жобаға қаржы 2,5 жылдан кейін ғана табылды.  «Нұрлы» жол бағдарламасы аясында 262 млн теңге бөлінген болатын. Нысан уақытында берілмеген соң, іс сотқа кетті. Сот шешмі бойынша «Өскемен Құрылыс»  компаниясына қалған жұмысты 2018 жылдың қаңтарына дейін бітіруді тапсырылған. Нәтиже жоқ» - дейді әкімдік өкілі.

Құрылыстың жобалық сметасына орта жолда өзгеріс енген екен. Бұл да мерзімнен кешігуіне әкеп соқтырған. Ондай бастаманы көтерген тапсырыс берушінің өзі болып отыр.

«Құбыр жүретін жерден жартас белдеуі шықты. Егер оны айналып өтетін жаңа жоба жасалмаса, ауызсу ауыл үшін алтынның бағасындай қымбатқа түсетін еді. Партиялық қадағалау комиссиясы жер қыртысын есепке алу керек деген ұстанымда. Өйткені о баста құбырдың жобасы дұрыс жасалмаған.  Сол үшін аудан бюджетінен 3,4 млн теңге бөлініп отыр. Жетілдірілген жоба тек тамыздың аяғына қарай дайын болмақ. Одан кейін құбыр тарту жұмыстарына қосымша қаржы іздестірілмек. Өйткені, жұмыс кешеуілдеген шақта игеріліп үлгермеген 68 млн теңге республикалық бюджетке қайтарылған болатын» - дейді «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Елена Шабанова.

Соңғы жаңалықтар