«Нұр Отан» сайлауалды тұғырнамасын бекітті

None
None
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада ҚР Президенті, Елбасы партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында

партияның «Қазақстан. 2017 жылғы Мақсаттары. Іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасы бекітілді.

Тұғырнаманың басты мақсаты гүлденген Қазақстанда әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл құжат Елбасының «Қазақстан - 2020» Стратегиялық бағдарламасымен үндес. Сонымен бірге, «Халықтың дауысы» акциясы кезінде түскен миллиондаған азаматтардың аманатын арқалай отырып жасалды.

Сайлауалды тұғырнамаға сәйкес, алдағы 5 жылда партия 9 басым бағытқа баса назар аудартып отыр. Атап айтқанда бұнда негізінен білім мен ғылым саласын дамытуға басымдық берілетін болады. Осы ретте ғылымға бөлінетін шығыстар жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына жетіп, балабақшадан бастап университетке дейін сапалы біліммен қамтылатыны көзделеді. Мұғалімдердің орташа еңбекақы көлемі де арта түседі. Тағы бір басым бағыт - ұлт денсаулығы - ел қуаты. Бұдан бөлек, экономикалық өсім, жаңа әлеуеттік саясат ауыл болашағы мен азаматтардың құқықтарын мүлтіксіз сақтау секілді бағыттар сайлауалды тұғырнамаға негіз болып отыр.

Сайлауға түсетін партияның тұғырнамасы шын мәнінде жаңа парламенттік мерзімді қамтыған, жекелеген кезеңдік жоспарлар болып табылады. Сондықтан да бұнда білім, денсаулық, қауіпсіздік, жемқорлықпен күрес секілді барлық салалар қамтылып отыр.

Соңғы жаңалықтар