«Nur Otan» съезі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бекітті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, партия съезінің жұмысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент палаталарының төрағалары Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, дипломатиялық корпус өкілдері, өңірлерден келген 627 делегат, жалпы 1500-ден астам адам қатысып отыр.
Жиында Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды.
Еске салсақ, 10 сәуірде Елбасы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен кеңес өткізді.
- Ерлан Саиров білім беру саласында психологтардың штатын көбейтуді ұсынды
- Төлеби ауданында тұратын келіншек 18 жыл азаматтық ала алмай келген
- «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
- Nur Otan партиясының аймақтық филиалдарында бірқатар ауыс-түйіс болды
-
Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
-
Қырғызстан: Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам