+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

«Нұр Отан» съезі: Елбасы қандай тапсырма жүктеді

2019 жылғы 27 ақпан 17:30
Бөлісіңіз:
«Нұр Отан» съезі: Елбасы қандай тапсырма жүктеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп, онда жақын арада әлеуметтік салада жүзеге асырылатын тың бастамалар мәлім болды.

Атап айтқанда, Республикалық бюджет шығындарының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады.

«Биыл республикалық бюджет шығындарының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады. Әлеуметтік бөлімде бірқатар түйткілді мәселелердің бар екені анықталды. Осыған байланысты, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту үшін Ұлттық қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет бұл шығындарды дұрыс әкімшіліктендіруі керек», - деді Президент.
null

Биылғы 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыру тапсырылды.

Сонымен қатар, аудандық және облыстық деңгейлерде азаматтармен тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдар қызметкерлерінің еңбекақысын орташа есеппен 25 пайызға көтеру жүктелді. Осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 980 млрд теңге бөлінетін болады.

Үкімет әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейту бағытында жұмыс істейді.

«Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек. Халық ары-бері шапқылап жүрмесін. Сосын ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет», - деді Н. Назарбаев.
null

Тағы бір жаңалық, Үкіметке мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын 30 пайызға көбейту тапсырылды. Осының арқасында, 100 мың адамның жәрдемақысы өседі. Осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңге бөлінбек.
null

Бұдан бөлек, толық емес көпбалалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау жүктелді. Ал ауылдағы көпбалалы отбасыларға жекелеген гранттар, квоталар және шағын несиелер бөлінеді.

Съезд барысында Елбасы Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасын кеңейтіп, оның аясында көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл шараға жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады.
null

Көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігі артады.

Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері тетіктері әзірленеді.

Мемлекет басшысы қоғамдық денсаулық пен алғашқы медициналық көмекке бөлінетін қаражаттың жалпы денсаулық сақтау саласына қарастырылған ақшаның 40 пайызынан 60 пайызға дейін арттырылуы тиістігін айтты. Аталған саланы дамытуға қосымша 120 млрд теңге бөлінеді.
null

Елбасы өз сөзінде заманауи жергілікті жолдары желісін кеңейту - бұл Үкіметтің басты міндеті екенін, оның орындалуын партия бақылауы қажет екенін қадап айтты.

Бұл мақсатқа қосымша 350 млрд теңге бөлінеді. ҚР Президентінің дерегінше, аталған шаралардың арқасында 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызының жай-күйі айтарлықтай жақсаратын болады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірлік көлік инфрақұрылымының барлық нысандары, оның ішінде әуежайлар, авто және теміржол вокзалдары жаңғыртылуы тиістігін баса айтты

Белгілі болғандай, Қазақстандағы ірі қалалар үшін, яғни Астана, Алматы және Шымкент қалалары төңірегіндегі проблемаларды шешуге 2019-2021 жылдары қосымша 90 млрд теңге бөлінеді. Сонымен бірге, кіші және моноқалаларды дамыту үшін де жылына 10 млрд теңгеден үш жыл бойы қосымша қаражат бөлінетіні хабарланды.

Халықты таза ауыз сумен қамту және жаппай газдандыру - маңызды басымдық болып қала береді.

«Елді мекендерге су тарту және сумен қамтамасыз ету жұмыстарына қосымша 140 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Бұл қаражатты облыстар алып, жұмысқа кірісуі керек. Бұл шешім осы саладағы 2,2 млн азаматтың мәселесін шешеді», - деп нақтылады Президент.

Елбасы газдандыру және электр қуатымен қамту үшін 190 млрд теңге бөлуді тапсырды. Бұл шаралар 1,1 млн адамды газбен қамтуға мүмкіндік береді және өңірлік энергиямен қамту әлеуетін арттырады. Бұл мақсаттар үшін Үкіметке 2019-2021 жылдар аралығында 920 млрд теңге қарастырылмақ.

Айтпақшы, Нұрсұлтан Назарбаев партияға «Құтты мекен» жобасын іске асыруды тапсырды.

«Нұр Отан» партиясы еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Құтты мекен» партиялық жобасын іске қосуға кіріседі. Осылайша, 7,5 млн ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту мүмкіндігі туады. Ең алдымен, Үкімет әкімдермен және мәслихаттармен бірігіп, келешегі бар ауылдарды іріктеп, әлеуметтік нысандар мен интернаттар тұрғызу жұмыстарын жүргізеді.

Ауылды жерлерде табыс жасаудың әлеуетті бар екеніне тоқталған Елбасы, осыған байланысты Үкіметке «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Жобаны қаржыландыруға 2019-2021 жылдарға 90 млрд бөлінетін болады. Бұл өз кезегінде жастардың ауылдық жерлерде тұрақтауына ықпал етеді.

«Партия халықтың күнделікті мәселелерін шешуге белсене атсалысуы қажет. Аталған жұмыс «Халыққа көмек» жобасын да күшейтеді деген сенім бар. Бүгінде қоғамның өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, мемлекеттік органдарды соған қарай жұмылдыру қажет. Бұл - нағыз нәтижелі стратегия. Ол үшін халықпен кері байланыстың мықты жүйесін жасап шыққан жөн», - деді Н.Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

Президенттің айтуынша, бүгінде «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлімшелерін барынша күшейту керек. Аталған құрылымдар халыққа көмек берудің «бірыңғай терезесіне» айналуы шарт. «Бұл жерде бюрократияға жол жоқ. «Нұр Отан» партиясының барлық филиалдары соған күш салуы қажет. Партия халықтың барлық санаттарын қорғай білуі керек. Сөйтіп, мемлекет пен халық арасындағы көпір іспеттес болуы шарт», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Бүгінгі съез барысында мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін ерекше бақылауға алу тапсырылды.

«Бүгінде индустрия, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім және тағы басқа салалар бойынша мемлекеттік бағдарламар бар. Оған қыруар қаржы бөлінді. Соның бәрі жүзеге асатын болса, халықтың жағдайы түзеледі. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы мен Президент Әкімшілігіне мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың тиімділігін бағалайтын орталықты құруды тапсырамын», - деді Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды.

«Соңғы бес жылдың ішінде заңнамалық өзгерістер мен жаңа тәжірибелерге сәйкес, партия жарғысына кейбір нормаларды енгізу қажеттігі туындап отыр. Ең алдымен, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты партияның мемлекеттік тілдегі атауында латын әріптерін қолдану ұсынылуда. Экраннан партияның жаңартылған логотипін көрулеріңізге болады. Ұсынылып отырған логотипте күннің 17 сәулесі бейнеленген. Ол біздің облыстарымыз бен Алматы, Шымкент, Астана қалаларын символикалық тұрғыда бейнелейді. Осы ретте партияның латын әліпбиіндегі атауын - Партия Төрағасының өз қолымен жазғанын атап өткім келеді», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев экраннан «Nur Otan» деп латын әріптеріне өзгертілген логотипті көрсете отырып.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT