+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Nur Otan праймеризіне тіркеудің қорытындысы жарияланды

2020 жылғы 31 тамыз 14:40
Бөлісіңіз:
Nur Otan праймеризіне тіркеудің қорытындысы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясының праймеризіне үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталып, қорытындысы жарияланды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Ұқсас жаңалықтар

«Құрметті достар! Осы демалыс күндері «Nur Otan» праймеризіне үміткерлерді тіркеудің қорытындысы шығарылды. Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияішілік сайлау тұңғыш рет республикалық ауқымда өтіп жатыр. Ол – партияны «қайта жандандыру» мен жаңғыртудың қорытынды кезеңі болып отыр, - деп жазды Бауыржан Байбек.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары келтірген мәліметке сай, 17 – 28 тамыз аралығында 10 990 адам тіркелді. Олардың 36,9% - әйелдер, 29,6% – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 3090 азамат ұсынылса, ал өзін-өзі ұсынушылар – 7900 адам.

Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас.

Бір орынға үміткерлердің ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 18. Алматы мен Шымкентте – 9-дан, Жамбыл және Түркістан облыстарында – 6 үміткерден келеді. Шығыс Қазақстан облысында әйелдер және Түркістан облысында жастар ерекше белсенділік танытқан.

7 қыркүйектен бастап праймериздің келесі кезеңі – үгіт басталады. 14 – 30 қыркүйек аралығында онлайн режимде жария пікірсайыстар өтеді.

«Еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында қыркүйектің басында біздің өңірлік 216 сайлауалды бағдарламамыздың жобалары жарияланады. Олар халықпен бірге талқыланғаннан кейін жетілдірілетін болады. Осы орайды пайдалана отырып, өз-өзіне және партиямызға сенім артып, праймеризге өз кандидатурасын ұсынған әрбір жанға алғыс айтқым келеді. Біз олардың адал, ашық және барша қатысушыларға берілген тең мүмкіндіктермен бақ сынауларына бар жағдайды жасаймыз», - дейді Бауыржан Байбек.

Одан бөлек, ол іріктеуден өтпей қалған, бірақ көпшілік қолдаған үмңткерлердің жайын да айтып өтті.

«Партияішілік іріктеудің жеңімпаздары Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдерімізге енгізілетін болады. Бұл – 5,5 мыңнан астам адам. Ал іріктеуден өтпеген, бірақ елеулі қолдауға ие болған азаматтар партияның жаңа кадрлық резервіне енеді. Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «еліміздегі мәселелерді бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз ету маңызды. Праймериз қатысушылары жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді ашық көтеріп, кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы тиіс», - деп түйді сөзін Бауыржан Байбек.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT