«Nur Otan» праймеризі: ШҚО-да 18 көпбалалы ана депутаттыққа үміткер

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға 1065 адам өтініш білдірді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында партияның өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім етілгендей, 1065 кандидаттың 18-і – көпбалалы аналар.

«Праймеризге қатысушылардың 41% - әйелдер, 23,4% - жастар. Соның ішінде Үржар ауданы, Қабанбай ауылындағы ауруханада жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істейтін көпбалалы ана бар. Үміткерлер арасында ең жасы 18-де болса, ең үлкені 73-те. Ережеге сәйкес кәмелеттік жасқа енді толған жасөспірімдер қабылданбады», - деді ол.

Олег Чугунковтың айтуынша, аймақтағы азаматтардың праймеризге деген қызығушылығы жоғары.

«Бұл жерлестеріміздің маңызды саяси шараға бей-жай қарамайтынын аңғартады. Біз осы праймериз жұмыстарына қатысып жатқан азаматтарды келесі кезеңдерде де белсенді болуға шақырамыз», - деді ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары.

14 қыркүйек күні пікірсайыс ұйымдастырылмақ. Оған кандидаттар міндетті түрде қатысуы тиіс. Кандидаттарға басқа үміткерлерге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар олар жеке қаражаттары есебінен үгіт-насихат жұмыстарын өткізе алады.


Соңғы жаңалықтар