«Нұр Отан» партиясының жастар қанатына жаңа төраға сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияр Сүндетбаев «Жас Отанның» төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылдың 6 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Жас Отан» Жастар қанаты Орталық кеңесінің отырысы өтті. Кеңеске «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдары мен қалалық бөлімшелердің төрағалары, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт өкілдері, сондай-ақ, жас кәсіпкерлер мүшелік етеді.

Кеңес барысында «Жас Отанның» 2016 жылы атқарған жұмысы талқыланып, жастар қанатының алда жүзеге асыруға тиіс жаңа міндеттері сараланды.

«Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауына сәйкес кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын атқаруда.

Сондай-ақ, кеңес жұмысы аясында жастарды жұмысқа орналастыру, олардың кәсіби деңгейін шыңдау, жас өнертапқыштарды қолдау мәселелеріне аса көңіл бөлу керектігі айтылды.

Отырыс аясында «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінің мүшелерімен Д.Сүндетбаев аталмыш ұйымға төраға болып сайланды.

Данияр Сүндетбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты, Колумбия университетінің PhD бағдарламасы бойынша зерттеушісі. 2008-2015 жылдар аралығында Алматы қаласында «Жасыл Ел», «Жас Отан» ЖҚ, жастар Конгресі ұйымдарында басшылық еткен. Соңғы жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы ретінде жұмыс атқарған.

Соңғы жаңалықтар