«Nur Otan» партиясының жарғысына өзгеріс енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде партия жарғысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін партиялық жарна жалақының ең төменгі мөлшерімен байланыстырылып, ең төменгі жалақының 0,7%-ін немесе жылына 3570 теңгені құрағаны белгілі.

Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес, осы жылдың қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік төлемдерді ең төменгі жалақыға байланыстыру алынып тасталды.

«Партия жарғысына сәйкес, партиялық жарнаның мөлшерін бекіту съездің айрықша құзыретіне жататындықтан, бүгін делегаттар партиялық жарнаны айлық есептік көрсеткішке байланыстырып есептеу туралы шешім қабылдады. Бұл айлық есептік көрсеткіштің 0,1-ін, яғни жылына 3676 теңгені құрайды», - деп жазылған партия хабарламасында.

Съездің 389 делегатының барлығы жарғыға өзгерістер енгізуге дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар