+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Nur Otan партиясының жақтастар лигасына өңірдегі белсенді азаматтар қосылуы керек - Қазбек Майгелдинов

2020 жылғы 26 тамыз 15:24
Бөлісіңіз:
Nur Otan партиясының жақтастар лигасына өңірдегі белсенді азаматтар қосылуы керек - Қазбек Майгелдинов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов Nur Otan партиясы жақтастарының лигасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Праймериз: Ақтөбе облысынан Мәжіліске 4 үміткер тіркелді Өңірлердегі Nur Otan пікірсайысында Мәжіліс депутаттарының қайсысы жеңіске жетті

«Nur Otan партиясы жақтастары лигасының ең басты мақсаты – ауыл, аудан, облыс орталықтарында және қалаларда праймериздің әділ, ашық өтуін қадағалау, яғни бақылаушы болып, праймериздің өтуіне атсалысу. Сонымен бірге, қазіргі уақытта өңірлерде жергілікті мәселелерді жақсы білетін, мәселелердің шешілуіне тікелей атсалысып жүрген белсенді азаматтар осы лига бақылаушысы ретінде қосылып жатыр», - деп атап өтті сарапшы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Қ. Майгелдинов партия жақтастары лигасының қазіргі жұмысына тоқталды.

«Алдағы екі күнде лига бақылаушылары өңірлерді аралайтын болады. Ең алғашқы сапар Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысында басталып, одан кейін – Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында жалғасады. Онда тіркеудің қалай жүретінін, тіркеу үрдісінде қабылдау-қабылдамау мәселелері қалай қарастырылып жатқанын тексереді. Праймериздің негізгі ережесі партия мен бюро тарапынан да ашық айтылған, яғни кез келген азамат аудандық, облыстық, Мәжіліс деңгейіне дейін белгілер қоюға құқылы. Кейінірек саты бойынша аудандық, облыстық дебаттан жеңіп, әрі қарай дауыс жинайтын болса, кез келген азамат Мәжіліс деңгейіне дейін бара алады. Бірақ жергілікті деңгейде кейбір үміткерлерге тосқауылдар болғаны анықталып жатыр. Осындай мәселелерді, олқылықтарды анықтау үшін Лига жақтастары өңірлерге барады. Тіркеу аяқталған соң, үгіт-насихат үрдісі басталады», - деп түсіндірді саясаттанушы.

Спикер қазіргі таңда ең басты мәселе – өңірлердегі әкімдіктер екенін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, аудандық мәслихаттарда жылдар бойы отырған өз депутаттары бар, кәсіпкерлер, ірі шаруа қожалықтарының басшылары бар. Бұл тұлғалар әлбетте алдағы сайлауда өз орындарын сақтап қалуға мүдделі болады. Және әкімдік тарапынан осы сайлауға араласу фактілері де болуы мүмкін. Праймеризге қатысуға тілек білдірген көптеген азаматтар осындай түйткілді мәселелерді айтуда. Осы үрдістердің алдын алу үшін және праймериздің ашық әділ өтуіне атсалысу үшін жақтастар лигасының бақылаушылары өңірлерге барады. Әлі де ерікті азаматтар партияның жақтастар лигасының бақылаушысы болуға жазылса, құба-құп болар еді. Өйткені, өңір тынысын жақсы білетін, жергілікті мәселелерді жіті қадағалап отырған белсенділер баршылық. Олар мәселелерді ішкі жағынан жақсы білгендіктен, осы азаматтардың атсалысқаны дұрыс болады. Оларға халық тарапынан сенім де болады», - деп түйіндеді сөзін Қ. Майгелдинов.


Фото: strategy2050.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT