«Nur Otan» партиясының XXII съезі онлайн форматта өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің барлық өңірінде Саяси кеңестердің отырыстары өтіп, оның қорытындысы бойынша партияның кезектен тыс XXII съезіне 399 делегат сайланды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

«Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен «Nur Otan» Съезі 1 наурызда өтеді.

Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр.

Съезд онлайн форматта өтеді», деп жазды Асхат Оралов
Соңғы жаңалықтар