«Нұр Отан» партиясының XIІI республикалық дебаттық жарысы Таразда өтеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында Астанадан «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогымен оралып келген XIІI республикалық дебаттық жарысының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

Жамбылдық команда туған жерге республикалық жарыстың орыс және қазақ лигаларының жеңімпазы атағымен, бірінші командалық орын алғаны үшін «Нұр Отан» партиясының кубогымен және үздік спикер кубогымен оралды.

Енді дәстүр бойынша партияның ауыспалы кубогы ойналатын келесі республикалық дебаттық жарыс 2015 жылы Тараз қаласында өтеді. «Жаңару» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Серікбол Берікқожаның айтуынша, жыл сайын өтетін зияткерлік және ақпараттылық сайыстарға аймақтық жарыстарда жеңген еліміздің 15 командасы қатысты. Қатысушылар риторикасы мен кең дүниетанымын көрсетуі тиіс болды. Дебаттар кезінде жастар проблемалары, кәсіптік бейімделу, жұмысбастылық, жемқорлықпен күрес, баспанамен қамтамасыз ету, волонтерлік, отансүйгіштік, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты тақырыптар көтерілді. «Дебаттардың жас азаматтарға беретіні мол. Олар нақтырақ әрі дұрыс ойлауға, көпшілік алдында сөз сөйлеуден қорықпауға үйренуге мүмкіндік береді. Республикалық жарыстар жеңіске жетуімен жинаған тәжірибе мен командадағы достарымның қолдауы көмектесті деп ойлаймын. Командалық рух бізге барлық тапсырмаларды орындауда үздік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді», - деді Байзақ ауданындағы жастар орталығының директоры, Астанадағы дебаттық жарыстың үздік спикері атанған Ернұр Мадияров.

Соңғы жаңалықтар