Nur Otan партиясының сайлауалды штаб жетекшісі тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының сайлауалды штабы жетекшісі ретінде Бауыржан Байбекті тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде «Nur Otan» өзінің табыс тарихымен мақтана алады. Партия бағдарламасын орындау қажет және оның орындалатындығына да сенемін. Ол елімізді одан ары жаңғыртуды, барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Елбасы партияның кезектен тыс ХХ съезін қорытындылай келе.
ҚР Тұңғыш Президентінің атап өтуінше, сайлау науқанын табыс өткізу үшін республикалық және өңірлік штабтардың үйлесімді жұмысын ұйымдастыру қажет.
«Кандидаттар, белсенділер, сенім білдірілген тұлғалар барлық өңірге барып, әр сайлаушыға түсінікті тілде партия ұсыныстарын айып беруі тиіс. Мұнан ары даму үшін қандай бағдарлама ұсынатынын түсіндіруі керек. Осы орайда республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі қызметіне партиядағы орынбасарым Бауыржан Байбекті ұсынамын. Оған штабтың жеке құрамын, мүшелерін айқындап, сайлау науқанын ұйымдастыру, барлық облыстық штабтармен, әкімдермен және белсенділерімізбен жұмыс істеу қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
- Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
- Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы 60 пайыздан астам жаңарды
- Партияларға Парламентке өтуге мүмкіндік жоғарылайды - Әли Бектаев
- БҚО мәслихатына жаңадан хатшы сайланды
-
Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
-
Жамбыл облыстық мәслихатының құрамы 76,7 пайызға жаңарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам