+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы қалай іске асырылып жатыр

2021 жылғы 15 қыркүйек 12:00
Бөлісіңіз:
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы қалай іске асырылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Студенттерге жатақханадан орын беру, халықтың әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек төлеу, мүмкіндігі шектеулі жандарға инфрақұрылымды жақсарту мәселелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысында қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
«Мектеп, аурухана, балабақшалар жайы». Nur Otan берілген уәделерді қалай орындауда

Үкіметте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен штабтың кезекті отырысы өтті.

Талқылауға түскен мәселелердің бірі 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орынды пайдалануға беру болды.

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 1924 орынға арналған 10 жатақхана пайдалануға берілді. Осы жылдың аяғына дейін 12 185 орындық қосымша 37 жатақхананы пайдалануға беру жоспарда бар.

Кездесу қорытындысы бойынша қысқа мерзімде мүдделі мемлекеттік органдарға мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау туралы бұйрық берілді.

Сондай-ақ жалғызбасты қарт азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау түрлері бойынша ақпарат берілді, атап айтсақ: өмірінде қиын жағдай болған кезде біржолғы материалдық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, санатория-курорттық емделу, тұрғын үйді жөндеу.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандустармен, арнайы лифттермен, дәретханалармен және зағип жандарға бағыттауыш белгілермен қамтамасыз ету секілді инфрақұрылымды жақсарту мәселесі қаралды.

Қоғамдық бақылаудың аймақтық топтарының мониторинг объектілері бойынша жұмысы жандандырылуда.

Сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған мүгедектер үлесі жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген еңбекке жарамды мүгедектердің 29,7% құрайды.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мүгедектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолдау шаралары кешенін қарастыруды (оқыту, жұмыс орындарын қайта жабдықтау, жалақының бір бөлігін субсидиялау, жұмыспен қамту квотасының сақталуын бақылау) қамтамасыз етуді және жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды.

Бұл шаралар 2025 жылға дейін әзірленген Ұлттық жұмыспен қамту жобасында көрініс табуы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT