+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

«Nur Otan» партиясының саяси менеджмент мектебіне жаңа басшы келді

2019 жылғы 10 қыркүйек 17:59
Бөлісіңіз:
«Nur Otan» партиясының саяси менеджмент мектебіне жаңа басшы келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шыңғыс Нұрланов «Nur Otan» партиясындағы саяси менеджмент мектебіне директор болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысы табиғи ресурстарды пайдалану басқармасына жаңа басшы тағайындалды Қарулы күштер Бас штаб бастығының жаңа орынбасары тағайындалды БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Елбасы,«Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның жұмысын жандандыру және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, партияның Саяси менеджмент академиясы Саяси менеджмент мектебі болып өзгертілді. Ал мектептің директоры болып «Болашақ» бағдарламасының түлегі Шыңғыс Нұрланов тағайындалды.

«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия Төрағасы әлемнің жетекші оқу орындарында мемлекет есебінен білім алған қазақстандық жас мамандарды жұмысқа көбірек тартуды тапсырған болатын.

Шыңғыс Нұрланов Вашингтон университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Назарбаев Университетінің «білім беру саласындағы көшбасшылық» мамандығы бойынша магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік, араб тілдерін меңгерген.

Ол әр жылдар Республикалық физика-математика мектебінің астаналық филиалының меңгерушісі, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің консультанты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық-сараптамалалық орталығында білім беру менеджментін зерттеу бойынша жетекші талдаушысы, «Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының сарапшысы, Халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс қоғамдастығының (GIZ) кәсіптік білім бойынша ұлттық үйлестірушісі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы орталығында менеджер, оқытушы т.б. қызметтерін атқарды.

Саяси менеджмент мектебінің жаңа басшысына бірқатар нақты міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, партия мамандарын қоғамммен байланыстың практикалық дағдыларына, жанжалдарды шешу, медиация және т.б. оқыту арқылы дайындауды жетілдіру тапсырылды.

Айта кетейік, бұған дейін «Aiqyn» газетінің бас редакторы болып, «Болашақ» бағдарламасының тағы бір түлегі Нұрмұхамед Байғара тағайындалды. Ол бұл тағайындауға дейін «Еgеmen Qazaqstan» газеті АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT