«Nur Otan» партиясының саяси кеңесі 55%-ке жаңарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы өз саяси кеңесіндегі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«389 делегаттың 389-ы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді. Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді. Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды», - деп жазылған партия хабарламасында.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдердің үлесі 33,7%-ке дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, яғни 13%-ке дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады.

«Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды. Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты. Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артса, ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ке ұлғайды», - дейді партия.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде партия саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде партия саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Жаңа тізімді «Nur Otan» партиясының сайтынан көруге болады.




Соңғы жаңалықтар