Nur Otan партиясының съезіне Алматы облысынан 45 адам барады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Nur Otan партиясының кезектен тыс он тоғызыншы съезіне Алматы облысынан 45 адам барады. Олардың қатарында мұғалімдер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер және жас белсенділер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиынға қатысатын делегаттар партияның өңірлік филиалында өткен конференцияда сайланды.

«Бұл - өте үлкен саяси науқан. Бүкіл Қазақстан халқы болашағын осы сайлаумен байланыстырып отыр. Сондықтан тыңғылықты дайындықпен келіп жатырмыз», - дейді Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт.

Сонымен қатар басқосуда «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» атты ұлттық жобалардың жүзеге асырылуы талқыланды. Биыл әлеуметтік тұрғыдағы әлжуаз топтарға көмектесу мақсатында жергілікті бюджеттен 6 млрд теңге бөлінген. Ал, Әлеуметтік карта арқылы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар үшін 3 млрд теңгеден аса қаражат қарастырылып отыр.

Одан бөлек, кәсіпкерлер тарапынан мұқтаж жандарға 125 млн теңгеге қайырымдылық жасалды. Жиын қорытындысында партия өкілдері маңызды науқан алдындағы дайындығын пысықтады.

Соңғы жаңалықтар