Nur Otan партиясының орталық аппаратына жаңа басшы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының басшысы болып Мәди Оспанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәди Оспанов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Оның «Nur Otan» партиясының құрылымында айтарлықтай тәжірибесі бар. 2013 жылдан 2018 жылға дейін партияның заң қызметін басқарды. 2018 - 2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының басшысы болды.

Осы жылдар ішінде ол Президент Әкімшілігінде, Премьер-Министр Кеңсесінде, Есеп комитетінде, Қаржы министрлігінде және басқа да бірқатар қызметтер атқарды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Әнуар Өскенбаев отбасылық жағдайға байланысты өз еркімен қызметінен босатылды.


Соңғы жаңалықтар