«Нұр Отан» партиясының өкілдері Денис Тенді бір минут үнсіздікпен еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Түркістан облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұр Отан» партиясының бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында ол партия облыстық филиалының конференциясына қатысты. Конференция жұмысы қапияда қаза тапқан даңқты спортшы, мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионаты, Азия ойындары сияқты дүбірлі додаларда ел намысын абыроймен қорғаған спорт шебері, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Денис Тенді еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.

Аталған жиында партия қызметін жаңғырту аясында қолға алынған жаңа жобалар мен Елбасы алдымызға қойған міндеттердің өңірде жүзеге асырылу барысы пысықталды. Сондай-ақ жаңадан құрылған облыстағы партия филиалының төрағасы сайланды.

Түркістан - барша түркі әлемі кие тұтатын қасиетті мекен. Ұзақ жыл Қазақ хандығының астанасы болып, ел іргесінің беки түсуіне де үлкен үлесін қосты. Күні бүгінге дейін еліміздің рухани астанасы болып келген шаһарға Елбасымыз өзінің тарихи шешімімен жаңа мәртебе беріп, үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.

Мемлекет басшысының Жарлығынан кейін өңірде қызу жұмыс басталып, барлық мемлекеттік органдар мен саяси күштер жаңа облыстағы іс-әрекеттерін жаңа бағытта өрбітуді бастап кетті. Соған орай «Нұр Отан» партиясы да партия облыстық филиалының алдында тұрған мақсат-міндеттерді айқындап, ерекше екпінмен іске кірісуде. Конференцияда партия төрағасының бірінші орынбасары Түркістанның тарихымызда алар орны ерекше екеніне назар аударып, Елбасының өңірге үлкен үміт артып отырғанын айтты.

«Түркістан Елбасы саясатының арқасында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Бұл тарихи шешім ата-бабаларымыз бастап кеткен іргелі істің лайықты жалғасы және қаланың өсіп-өркендеуіне оң әсерін тигізетін маңызды қадам екені сөзсіз. Осылайша Мемлекет басшысы Түркістанның қайтадан түлеп, жаңғырып, ел дамуына өз үлесін қосатын орталыққа айналуына даңғыл жол ашып берді», - деді Мәулен Әшімбаев.
null

Жиын барысында конференция делегаттарының мақұлдауымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Мәулен Әшімбаев облыс әкімінің бұл қызметті де абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, төрағалық куәлігін салтанатты жағдайда тапсырды.

«Түркістан болашақта барша түркі әлемінің нағыз орталығына айналып, бұрынғы атақ-даңқын қайта иемденеді деп сенеміз. Қазірдің өзінде көптеген игі бастамалар қолға алынуда. Болашақта осы жұмыстардың барлығын Жансейіт Қансейітұлы тыңғылықты атқаратынына ешқандай күмәніміз жоқ», - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ конференцияда партия Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы айқындап берген жаңа міндеттерді орындаудың тиімді тетіктері жан-жақты талқыланды. Одан бөлек, Мемлекет басшысы мақұлдаған жаңа партиялық жобаларды Түркістан облысында тиімді жүзеге асыру барысы кеңінен сөз болды. Осы бағытта өңірдің алдында тұрған басым-бағыттарға назар аударған Мәулен Әшімбаев аталған жұмыстардың тиімді тетіктеріне тоқталып өтті.

Осы ретте жиында партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесінің, тексеру-бақылау комиссиясының және Саяси кеңес бюросының құрамы бекітілгенін де атап өткен жөн. Сонымен қатар партия Төрағасының Бірінші орынбасары облысқа сапары барысында Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, тарихи кешеннің барша түркі әлемі үшін маңызы зор екенін атап өтті.

null

Соңғы жаңалықтар