«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы сайланды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 21 сәуір күні Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының XXVI кезектен тыс сессиясы өтті. Онда өңір басшысы Ералы Тоғжанов аталған филиалдың төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Ералы Тоғжановқа төраға куәлігін табыс ете отырып, партия хатшысы Қаныбек Жұмашев оның басшылығы кезінде партия филиалы Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша өзінің қызметін жетілдіретіндігін атап өтті.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының саяси кеңесі мен саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізілді. Соңғысының құрамына «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Бақыт Иманбаев кірді.

    

«Елдің көптеген облыстары су тасқынынан зардап шекті, отандастарымыз қазір қиын жағдайда отыр. Оларға киім-кешек, азық-түлік қажет. Біз ғана оларға көмектесе аламыз. Азаматтарда бір күндік жалақыларын аударуға шақырамын»,-деді Маңғыстау облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов.

Өңір басшысы сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының жанынан ардагерлер кеңесін құруды ұсынды.

Конференция жұмысының барысында оған қатысушылар Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатындағы мемлекет алдына қойған міндеттердің басым бағыттарын сөз етті.

Соңғы жаңалықтар