«Nur Otan» партиясының хатшысы болып Марат Сембеков тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Марат Сембеков «Nur Otan» партиясының хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы, партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan»-ды «қайта жандандыруға» қатысты тапсырмасына сәйкес, М.Сембеков партия Хатшысы болып тағайындалды. Ол Үкіметпен, «Nur Otan»-ның Мәжілістегі фракциясымен қарым-қатынасқа жауап беріп, партиялық бақылау қызметінің жұмысын үйлестіреді», - деп жазды Twitter-де партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдап, партияны қайта жандандыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Марат Сембеков 1979 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Әділет министрлігінде бастаған. Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде, республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеген.

2010-2015 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі басшысының орынбасары болған.

2015 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

2019 жылдың ақпанынан шілде айына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар