Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы есеп берді

2018 жылғы 5 желтоқсан 18:20 94
Бөлісіңіз:
«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы есеп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы (АҚФ) XXVII есеп беру-сайлау конференциясын өткізді. Жиын барысында филиалдың 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыс нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының игі басталамаларын іс жүзінде енгізу, қабылданған бағдарламаларды соңына дейін тиянақты орындау барлығымыздың міндетіміз. Осы ретте «Нұр Отан» партиясының жарғысына сәйкес, Астана қалалық филиалының кезекті 27-ші конференциясына жиналып отырмыз. Конференцияға 150 дегегат сайланды», - деді партияның Астана қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақыт Сұлтанов.

Қазіргі таңда Астана қалалық филиалы қарамағында 7 филиал, 364 бастауыш партия ұйымы бар. Сондай-ақ, өз қатарында 45 мың мүшесін құрайды. Жыл басынан бері партияға 5 000 адам мүше болды.

«Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтқандай, партия тиімді, заманауи және технологиялық кезеңге сай болу тиіс. Партияны жаңарту бағытын жүзеге асыру үшін АҚФ нақты жұмыстарды атқарды, жаңа жобалар мен бағдарламаларды әзірледі»,-деді «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров.

2017-2018 жылдар аралығында АҚФ келесідей іс-шараларды жүзеге асырды: «Астана - рухы мықты адамдар қаласы» шарасы, мүгедек балалары бар ата-аналарды қолдауға арналған республикалық конференция, І-ІІ қалалық спартакиада, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фестиваль, сондай-ақ алғашқы әлеуметтік кәсіпкерлер форумы өткізілді. Форум аясында Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылып, соның қолдауымен ағымдағы жылы 3 жоба іске асырылды.

Белгілі болғандай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 376 іс-шара өткізілді. Оған 80 мыңға жуық адам қатысты. 2017 жылмен салыстырғанда биыл партияның АҚФ жанындағы «Жас Отан» ЖҚ қатарындағы жастардың саны 19 пайызға өсті. Бүгінде қарамағында 25 000 адамды қамтыды.

АҚФ жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасының орынбасары Нұрдаулет Жанділдаевтің сөзіне қарағанда, қаладағы оқу орындарында жастар ұйымдары бар.

«Күн сайын түрлі іс-шараларды өткізуге атсалысып жатамыз. Ардагерлер мен аз қамтылған отбасыдан шыққан жастарға көмек көрсетеміз. Осы жылы «Жас Отан» ЖҚ қолдауының арқасында бірқатар жастар тегін оқуға түсті. Болашақта жастарға арнайы қызмет көрсету орталығын ашуды көздеп отырмыз», - деді Н. Жанділдаев.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT