«Нұр Отан» партиясына арызданғандардың арасында мемлекеттік және жалға берілетін баспананы бөлу барысындағы әділетсіздіктерді қозғағандар көп

None
None
СТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне арызданғандардың арасында мемлекеттік және жалға берілетін пәтерлерді бөлу барысындағы әділетсіздіктерді қозғағандар мол болып отыр.

Бұл туралы бүгін аталған партияның Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов өткен айда атқарған жұмыстары туралы өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Оның атап өтуінше, сәуір айында «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау бөлмесіне 9102, оның ішінде жазбаша 2,8 мың өтініш түскен. Азаматтар негізінен баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық саласының лауазымды тұлғалары мен құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдар жасаған.

«Өткен айлармен салыстырғанда сәуір айында тұрғын үй -коммуналдық сала бойынша түскен өтінштер саны 18 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш тұрғындардың жергілікті органдардың аталған саладағы жұмыстарына риза еместігін байқатады. Ал баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты шағымдар 17 пайызды құрады. Атап айтқанда, азаматтардың бірден-бір көтеретін мәселесі - мемлекеттік және жалға берілетін баспаналарды бөлудегі әділетсіздікке қатысты болып отыр», деді Ж.Жүкенов.

Сонымен қатар қабылдау бөлмесінің меңгерушісі жекелеген проблемалар бойынша, оның ішінде жұмысқа орналасу, уақытында еңбек ақы төлемеу және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесіне арыз-шағымдар санының күрт азайғаны байқалатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар