«Nur Otan» партиясын ел Президенті басқарғаны маңызды деп білемін – Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Партия төрағалығынан кету туралы шешімінің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен партия құрылымының бастауында тұрдым, оны осы жылдар бойы басқардым және «Nur Otan» партиясын ел Президенті басқарғаны маңызды деп білемін. Солай болды да. Біз мұны партия Жарғысына сүйене отырып шешуіміз керек. Бұл біздің бірлігімізді көрсету үшін маңызды қадам. Құрметті партия мүшелері! Бүгінде «Nur Otan» - еліміздің басты саяси күші. Билеуші партия ретінде қалыптасқан 20 жыл ішінде ол қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және Тәуелсіздігімізді нығайту жөніндегі ауқымды реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырды», - деген Елбасы билеуші саяси партиялардың ұзақ мерзімді көшбасшылық ету көптеген елдердің дамуына оң ықпал еткенін мысал етіп келтірді.

«Халықаралық тәжірибе қуатты мемлекет пен дамыған азаматтық қоғам қалыптасуы үшін елдің 40-50 жылы бойы тұрақты ілгерілеуі қажет екенін көрсетті. Билеуші саяси партиялардың ұзақ мерзімді көшбасшылығы көптеген елдерде табыс пен әлеуметтік-экономикалық өсуге негіз болды. Швеция, Жапония, Сингапур, Малайзия, ҚХР сияқты елдерде осылай болды.

Айқын мақсаттар, ел дамуының нақты пайымы, саяси ерік-жігер және ең бастысы, халықтың қолдауы билеуші партиялар тиімділігінің кепілі болды! Кейде тарих түзетулер жасайды. Біз оған бейімделуіміз керек. Дегенмен, біздің жаһандық мақсатымыз өзгермейді-2050 жылға дейін Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге тиіс. Нақты жоспар «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.



Соңғы жаңалықтар