«Нұр Отан» партиясы жастар саясаты мәселелерін үнемі назарда ұстап, жүзеге асырып келеді

None
None
sp;ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» партиясы жастар саясаты мәселелерін үнемі назарда ұстап, жүзеге асырып келеді.

Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Ақжайық аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Тілес Жазықбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ауданда да жастар саясатына байланысты арнайы бағдарлама қабылданып, көптеген шаралар ұйымдастырылуда.

Биыл ауданда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 58 жас, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласына - 12, білімге - 43, мәдениетке - 2, спортқа 1 маман жұмысқа орналасты. Оларға 5 млн. 261 мың теңге көтермеақы төленіп, дәрігерлерге үй берілді.

«Жол картасы» аясында жастар тәжірибесі арқылы 78 адам өз орнын тапты. Қоғамдық жұмысқа 62 жас тартылса, «Өз бизнесіңді аш» жастар жобасы бойынша 8 адам кәсібін ашты. Жас кәсіпкерлерге «Ақжайық ауданының кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігі көмегін көрсетуде.

Ауданның 1722 түлегі елдегі ЖОО-ларда оқып жатса, бес жас Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда.

Соңғы жаңалықтар