+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасы құрылды

2020 жылғы 17 маусым 13:01
Бөлісіңіз:
«Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасы құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасы құрылды. Бұл туралы елордада арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Nur Otan»-ның партияішілік іріктеуі ашық әрі әділ өтуі тиіс – мәслихат депутаты

«Демократия, пікірлердің плюрализмі елімізде қалыптасуы керек және бұл процестерге ешқандай балама жоқ. Дегенмен, осы демократияға, саяси прюализмге деген ұмтылыс еліміздің мемлекеттік іргетасын девальвацияға алып келмеуі тиіс. Шынын айту керек, біздің ең негізгі принципіміз бірінші – мемлекетіміз, екінші – мемлекеттің атрибуты ретіндегі демократиялық процестер. Міне, осы тұрғыда әлеуметтік желіде және қоғам алдында сөз айтып жүрген еліміздегі әлеуметтік процестерге үлес қосуға қабілетті, сонымен бірге экономикалық мәселелерді шешуге өз рецептін бере алатын, еліміздегі қоғамдық процестерді прогреске жеткізетін азаматтар «Nur Otan« партиясы жақтастарының лигасын құруды жөн көріп отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының ең негізгі ұстанымы центристік принцип болмақ.

«Біз – демократияны жақтаймыз. Еліміз халықтық мемлекет болуы керек деген принциптеміз. Бірақ, осы процестердің барлығы эволюциялық жолмен, бейбіт жолмен, сонымен бірге конструктивті жолмен өтуі керек. Бұл – біздің ең негізгі мақсатымыз. Осы тұрғыда лига өз жұмысын үш бағытта жүргізеді. Бірінші – әлеуметтік әділеттілік, екінші – қоғамдық-саяси трансформация, үшінші – экономикалық өрлеу. Кезек күттірмейтін мәселе ретінде «Nur Otan» партиясы жариялаған партиялық праймеризді қатаң қоғамдық бақылау тетіктерін жасауды қолға аламыз «, - деді Ерлан Саиров.

Баспасөз мәслихаты барысында саясаттанушы Эдуард Полетаев «Nur Otan» партиясында праймериздің жариялануына байланысты көптеген азамат саяси процеске қатысу мүмкіндігін алып отырғандығын атап өтті. Ал ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов праймериз - бұл саяси процеске демократиялық нормаларды енгізу екендігіне назар аудартты.

«Рухани құндылықтар - мемлекет дамуының маңызды факторы. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары ұсынған идеялар мен мұраттар, талаптар мен ұстанымдар өз маңыздылығын сақтап отыр және бүгінгі күні де сұранысқа ие. Сондықтан тарихи әділеттілікті қалпына келтіру қажет», - деді өз кезегінде «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан.

Сонымен қатар танымал блогер Яков Федеров праймериз режиміндегі пікірталастарды қарай отырып, халық болашақ парламентшілердің шынайы жеке идеялары қаншалықты елді өркендетуге бағытталатындығын бағамдай алатынын баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT