«Нұр Отан» партиясы Үржар ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап мерекелік кеш өткізді - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы мүшелері Үржар ауданындағы «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Мерекелік шарада балаларға бірлік, татулық, бейбітшілік сөздерінің мағынасы мен мәні түсіндірілді. Жас қатысушыларға Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің Достық үйлері бейнеленген слайдтар көрсетілді.

Сол күні жас оқырмандар үшін мұнда шағын кітапхана ашылды, енді балалар сүйікті жазушыларының туындыларымен жақынырақ таныса алады.

Соңғы жаңалықтар