«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің бюросы жаңарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды, деп ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі барысында партияның Саяси кеңес бюросына мүшелікке Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Үкімет басшысы Асқар Мамин, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Тажин, Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Сенат депутаты Дариға Назарбаева, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, партия мүшесі Александр Павлов ұсынылды.

Саяси кеңес мүшелерінің дауыс берумен аталған азаматтардың барлық бюроға мүше болып сайланды.

Соңғы жаңалықтар