«Nur Otan» партиясы сәуір айының соңына дейін съезд өткізуді көздеп отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы сәуір айының соңына дейін съезд өткізуді жоспарлап отыр. Ол жиында кезектен тыс сайлауға түсетін кандидатты айқындау бойынша шешім қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кезектен тыс сайлауға үміткер партия съезінде ұсынылады. Әзірге жиынның өтетін мерзімі айқындалған жоқ. Бәлкім, сәуір айының соңына қарай болып қалуы керек. Біз процедураға сай әрекет етеміз. Съезде көпшіліктің - партия мүшелерінің даусымен кандидатура бойынша шешім қабылданады», - деді партияның баспасөз хатшысы Әлия Буриева ҚазАқпарат тілшісіне.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінің толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар