«Нұр Отан» партиясы «Нұрлы Жолдың» жүзеге асуында негізгі реттеуші болуы керек - А.Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы «Нұрлы Жол» стратегиясының жүзеге асуының негізгі реттеушісі болуы керек. Осындай пікірді «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының XV есептік-сайлау конференциясы барысында қала басшысы Ахметжан Есімов білдірді.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» партиясының белсенді рөл атқарып, қатаң қадағалау жүргізуі керектігі жөнінде Мемлекет басшысы баса айтып өткен болатын. Партияның барлық ресурстарын мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағыттау керек. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауды жүзеге асыратын депутаттық фракциялардың қадағалау функциясын нығайту керек», - деді қала басшысы. Оның айтуынша, еліміздің Орталық Азиядағы геосаяси мүддесін ескере отырып, ұлтаралық, этносаралық ынтымақтастықты күшейткен абзал. «Алматыда 100 этнос өкілі, 35 мәдени ұйым қоғам дамуына үлес қосып жатыр. Бұл әлемнің өзін мойындатқан татулықтың моделі. Партия қоғамдағы тыныштық пен татулықты қамтамасыз ететін негізгі реттеуші болуы керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар