Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін Саяси кеңес бюросының ұсынуымен Дәулет Кәрібек Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

2009-2010 жылдары елорданың Алматы аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрғасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалық орталығының инспекторы болып істеді.

2012-2019 жылдары Nur Otan партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қалалық және орталық деңгейлерінде түрлі басшылық лауазымды атқарды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы болды.

Дәулет Кәрібек партияда меритократия қағидатына сәйкес тәжірибе жинаған білікті маман. Ол Президенттік жастар кадр резервінде.


Соңғы жаңалықтар