«Нұр Отан» партиясы бұдан ары да ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін қамқорлыққа алып, көмек көрсететін болады - партия өкілі
2010 жылғы 13 мамыр 16:46

«Нұр Отан» партиясы бұдан ары да ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін қамқорлыққа алып, көмек көрсететін болады - партия өкілі

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Нұр Отан» партиясы тұрақты түрде бұдан ары да ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін қамқорлыққа алып, көмек көрсететін болады.

Бұл туралы бүгін аталған партияның Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов өткен айда атқарған жұмыстары туралы өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Ол бірінші кезекте еліміздің күні кеше Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын кеңінен мерекелегендігін, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Үкімет Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері үшін 4,8 миллиард теңге бөлгенін атап өтті. «Осы іс-шараға партия өзіндік үлесін қосты. «Нұр Отан» ХДП-ның барлық филиалдары мерекенің қарсаңында соғыс ардагерлеріне арналған қайырымдылық концерттер, қабылдаулар мен кездесулер өткізді. Партияның қоғамдық қабылау бөлмесіне келіп, әсіресе баспана бойынша көмек сұрағандар да көп болды», дей келіп, бірқатар нақты мысалдар келтірді.

Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұсағали Қабылдаұлы партияның Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінен баспаналы болуға көмек сұраған. Аталған мәселені «Нұр Отан» партиясы және Астана қаласы әкімінің орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған кезде бақылауына алып, майдангер елордадан 1 бөлмелі пәтерге ие болды. Сондай-ақ Ақмола облысының тұрғыны майдангер Құдайберген Қанафинге де партия тарапынан көмек көрсетіліп, ақсақал Ерейментау ауданынан жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үйден баспана алды.

Сонымен қатар партияның өңірлердегі қабылдау бөлмелерінде қабылдауға келген бірқатар соғыс ардагерлерінің, атап айтқанда шығысқазақстандық К.Құрымбаевтың, қостанайлық А.Боронинаның, жамбылдық М.Зулувоғлының мәселелері оң шешімін тапты.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

MURAǴAT