«Нұр Отан» партиясы Алматы облысының мәслихаты депутаттығына 44 кандидатты ұсынды (ФОТО)

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Алматы облысының мәслихаты депутаттығына 44 кандидатты ұсынды. Осындай шешім «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен XVII конференция делегаттарының тарапынан қолдауға ие болды. Конференцияға партияның облыстық филиалының төрағасы, аймақ әкімі Амандық Баталов қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе қарастырылған: «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясының атынан облыстық мәслихатқа кандидаттар тізіміне ұсыныстар енгізу, сондай-ақ партия Кеңесінің облыстық филиалы құрамына өзгерістер енгізу.

Конференцияда негізгі баяндаманы облыс әкімі Амандық Баталов жасады. Өз сөзінде әкім Мемлекет басшысының Астанада партияның XVII съезінде қойған негізгі міндеттерге тоқталып, сондай-ақ облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы баяндап берді.

Конференция барысында облыстық мәслихат депутатына 44 кандидат ұсынылған, сондай-ақ партия Кеңесі облыстық филиалының құрамына Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев енгізілген.

Шараның соңында дауыс беру өтіп, оның қорытындылары бойынша конференцияда аталған барлық шешімдер бірауыздан қабылданды.
null null

Соңғы жаңалықтар