«Нұр Отан» Отырар ауданы тұрғындарымен «ашық» сөйлесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылдық округінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының ашық есік күні өтті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төребек Айдарқұлов партияның атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Ашық әңгімеге құрылған ашық есік күнінде ауыл тұрғындары, партия мүшелері көкейде жатқан сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптарын алды.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов сөз алып, Балтакөл ауылдық округінде тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген жетістіктерге тоқталып өтті. Бұл орайда Елбасымыз төрағалығымен істің партиясы атанған «Нұр Отанның» саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқан игілікті істер көп. Нақтырақ айтсақ, Сырдария өзеніне салынған темір-бетонды көпір, медициналық пункттер мен аурухана, мектептер, ағын су каналдары, ауыл ішіндегі тас төселген көшелер және Көксарай бағытында күрделі жөндеуден өткен асфальт жол т.б.

Ауыл тұрғындарымен ашық дидарласып, ой бөліскен «Нұр Отан» партиясының өкілдері мұндай игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар