+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Nur Otan» өкілдері су басқан Мақтаарал ауданының тұрғындарына азық-түлік жөнелтті

2020 жылғы 5 мамыр 15:28
Бөлісіңіз:
«Nur Otan» өкілдері су басқан Мақтаарал ауданының тұрғындарына азық-түлік жөнелтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Орталық аппараты Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр – полиция Түркістанда мобильді топтардың арқасында індеттің таралуы тежелді Түркістан облысының полицейлері заңсыз құм өндіру фактісінің жолын кесті

Бұл туралы бүгін өзінің Instagram парақшасында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданының елді мекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. ⠀

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. ⠀


Төтенше жағдай болған алғашқы күннен бастап «Nur Otan» партиясы бұл оқиғадан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде»,-деп жазды Б.Байбек.

Оның жазуынша, бүгін партияның Орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларды жөнелтті.


Сндай-ақ су тасқыны болған жерде тікелей «Jas Otan» волонтерларынан штаб құрылып, олар зардап шеккен тұрғындарға жүкті үлестіріп беруге атсалысады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT