«Nur Otan» өкілдері адасқан балаларды туыстарына тауып беруге күш салуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Түркістан облысындағы филиалының қызметкерлері Арыстағы оқиғадан адасқан балаларды туыстарына тауып беруге жұмылды. Бұл туралы Хабар» және «Qazaqstan» арнасындағы «Арыс, біз біргеміз» телемарафонында партия өкілі Фархат Қуанғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арыс, біз біргеміз» акциясы аяында Қазақстан студенттер альянсы да іске белсенді кірісіп кеткен. Оқиғадан хабардар болған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 150-ге тарта студенті Арыстан 300-ге тарта адамды алып шығып, қауіпсіз жерге көшірген.

Сол секілді Шымкент қаласының Жастар ресурсы орталығы арнайы жұмыс тобын құрып, адасқан балаларды ата-аналарына тауып беру жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа еліміздің бас партиясының мүшелері де белсене кіріскен.

«Барлық партиялық құрылымдар арыстықтарға көмектесу үшін бірікті. Біз әрдайым партияның Түркістандағы филиалымен байланыс ұстап отырмыз. Біздің белсенділер өткір мәселелерді шешуге жұмылды. Ең бастысы - балалардың ата-анасын, туыстарын тауып беру. Орта мектеп пен мешіттерде тізім жасалуда», - деді Фархат Қуанғанов.

Еске сала кетсек, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған.

Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Соңғы жаңалықтар