Nur Otan-ның бағдарламасын орындау іс-шараларының тетіктері айқындалды - Үкімет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын орындау тетіктері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі толыққанды іске асыру керек. Осы мақсатта Үкімет «Nur Otan» фракция және партияның орталық аппаратымен бірлесіп арнайы Жол картасын әзірледі. Жол картасы Сайлауалды бағдарламаның 4 бағытын іске асыру бойынша 362 тармақты қамтиды», - деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, Жол картасының барлық нысаналы шаралары мен индикаторлары жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, жылдар, салалар және өңірлер бойынша бөлінеді. Биылғы 12 ақпанда Жол картасы Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өткен «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында талқылауға шығарылып, мақұлданды.

«Партия фракциясы жыл сайын ақпан айында Жол картасын іске асыру барысы туралы Үкіметті тыңдауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты, тиісті қадамдар ұсынылады: Жол картасын жүзеге асыру бойынша Штаб құру. Бұл ретте, жұмыс органы болып Ұлттық экономика министрлігі белгіленеді. Штаб отырысы аптасына бір рет өтетін болады, онда Жол картасының іс-шараларын іске асыру мәселелері қаралады. Штабтың жұмысы бойынша Премьер-Министрге баяндалып тұрады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Екіншіден, әрбір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органда жауапты орындаушы ретінде бірінші басшының орынбасары бекітіліуі керек және Жол картасының іске асырылуын мониторингілеу әрі талдаумен ғана айналысатын жобалау топтары құрылуы керек.

«Үшіншіден, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп: индикаторлардың серпінді және тұрақты мониторингін қамтамасыз ету үшін Жол картасы көрсеткіштерінің цифрлық картасын әзірлеу керек. Штабтың қарауына шығара отырып, Жол картасының нысаналы индикаторларына тұрақты мониторингті жүзеге асыру қажет. Жол картасы – партияның бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің алдағы 5 жылға арналған нақты іс-қимыл жоспары. Барлық шараларды сапалы іске асыру халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайлов.


Соңғы жаңалықтар