+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

«Nur Otan» мәслихаттарда 2 701 мандат алды

2021 жылғы 14 қаңтар 13:10
Бөлісіңіз:
«Nur Otan» мәслихаттарда 2 701 мандат алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» барлық 216 аумақтық мәслихаттарға тізімдер ұсынды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Еxit poll қорытындысы партияларға бірқатар мәселені ашып көрсетіп берді - сарапшы Қазақстан халық партиясы аралық қорытындыны шығарды

«Өздеріңіз білетіндей, «Nur Otan» барлық 216 аумақтық мәслихаттарға тізімдер ұсынды. Жергілікті өкілді органдарға сайлау қорытындысы бойынша партияға орта есеппен сайлаушылардың 82,4%-ті дауыс берді. Осылайша, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 3 276 орыннан нұротандықтар 2 701 мандат алды.

Кеше партия филиалдарының саяси кеңестері бюролары отырыстарының қорытындылары бойынша еліміздің барлық облыстары, аудандары мен қалаларындағы мәслихаттар депутаттарының тізімі жасалып, тіркеу үшін өңірлік сайлау комиссияларына жолданды.

Жалпы, мәслихаттардағы біздің фракциялардың құрамы 65%-ке жаңарды.

Партияның депутаттық корпусы 6 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 45 жасты құрайды», - деп жазды Б. Байбек желідегі парақшасында.

«Nur Otan»-нан сайланған барлық депутаттардың үштен бірі – әйелдер, 23% – 35 жасқа дейінгі жастар. Олардың қатары сәйкесінше 11%-ке және 16%-ке артты. Осылайша, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық деңгейдегі маслихаттарда әйелдер мен жастардың үлес санын арттыру жөніндегі тапсырмасы толық орындалды.

423 депутат – партияға жаңадан кірген, праймериз аясындағы әлеуметтік лифтіні пайдалана отырып, партияішілік іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен азаматтық белсенділер, қоғамдық пікір көшбасшылары.

«Депутаттық корпусқа білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ҮЕҰ, БАҚ, кәсіподақ, өнеркәсіп өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер, фермерлер, көпбалалы аналар, қандастар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар және т.б. кірді. Мәслихаттарда әр түрлі санаттағы азаматтардың өкілдік етуі шешімдер қабылдаудың теңгерімділігін және барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді», - деп толықтырды ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT