«Нұр Отан» ХДП партиялық дамудың қазіргі заманғы үрдістері тақырыбында семинар өткізуде

None
None
күйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтында «Партиялық-саяси дамудың қазіргі заманғы үрдістері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өз жұмысын бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған семинардың мақсаты Қазақстан Республикасындағы партиялық-саяси үдерістердің дамуының ағымдағы жай-күйі мен үдерістерін талдау болып табылады. Сонымен бірге, жиын барысында жалпыұлттық топтасу идеясын одан әрі жүзеге асырумен байланысты шаралар бойынша пікір алмасу көзделіп отыр. «Бүгінгі отырыстың тақырыбы қазақстандық сарапшы-саясаттанушы қауымның жоғары қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Себебі бұл бағытта партиялық саяси дамудың қазіргі заманғы үрдістері, қоғам мен мемлекетті саяси жаңғырту мен демократияландырудағы «Нұр Отан» партиясының ұстанған бағыты туралы мәселелер қамтылатын болады. Ал еліміздің партиялық-саяси дамуына қатысты негізгі бағыттары партияның 2009-2012 жылдарға арналған стратегиялық іс-қимылдар жоспарымен бекітілген. Онда қоғамды  саяси жаңғырту мен одан әрі демократияландыру шаралары да қарастырылады. Сонымен бірге, осы шара аясындағы партияның жақын перспективадағы негізгі мақсаты әлемдік дағдарыс салдарына қарсы  қоғамдық институттардың, мемлекеттік органдардың күшін жұмылдыру болып табылады», деді жиынды ашып сөз сөйлеген «Нұр Отан» ХДП Парламентарзим институты директорының орынбасары Аманқұл Серікбаев.

Жиынға қатысушылар Қазақстанның партиялық жүйесінің қазіргі жай-күйі мәселелері, саяси технологиялар арқылы саяси мінез-құлықты қалыптастыру шаралары талқыланып, партия құрылысының перспективаларын айқындау бойынша пікір алмасты.  Семинар жұмысына партия Орталық аппаратының қызметкерлері, Парламент депутаттары,  саясаттанушылар мен сарапшылар, ғалымдар мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлері атсалысуда.  

Соңғы жаңалықтар