«Нұр Отан» ХДП Партияаралық кеңесінде Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының әлеуметтік қырлары талқыланады

None
None
күйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қыркүйектің 17-ісіне жоспарланған «Нұр Отан» ХДП Партияаралық кеңесінің  кезекті отырысы «Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының әлеуметтік аспектілері» тақырыбына арналады.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП  Орталық аппараты Ақпарат және талдама департаментінің директоры Марат Игалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М. Игалиевтің айтуынша, Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасындағы әлеуметтік мәселелер тақырыбын талқылауға «Әділет» Демократиялық партиясы бастамашы болған. Сонымен бірге, Партияаралық кеңестің осы кезекті отырысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова қатысады деп күтілуде. «Өткен кезеңдер бойынша Партиялық кеңес жұмысы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Біз Партияаралық кеңесті түрлі саяси күштер арасындағы өзара ынтымақтастық пен диалогтың тағы да бір алаңы деп санаймыз. Алдағы уақытта кеңес бастамаларын есепке алу деңгейін қадағалау, қарастырылатын мәселелер бойынша жедел ақпарат алу үшін Үкіметпен екіжақты байланысты дамыту көзделуде. Бұл шара өз кезегінде Кеңес жұмысының сапасын арттыра түседі», деді М. Игалиев.

Соңғы жаңалықтар