«Нұр Отан» ХДП мен Ішкі істер министрлігі арасында сыбайлас жемқорлық көріністермен күресті жетілдіру жөніндегі меморандумға қол қойылды

None
None
күйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев пен ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Құқықтық жүйедегі демократиялық өзгерістерді жүзеге асыруды тереңдету,

сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністермен күресті жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 Партия мен министрлік арасындағы аталған ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністері жөнінде азаматтар тарапынан түскен шағымдарға нақты және жедел ықпал ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері бойынша ақпараттар алмасу. Бұдан басқа тараптар сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіп бұзушылықтарға ықпал етуші себептер мен жағдайларды айқындап жою үшін бірлескен жұмыстар ұйымдастыратын болады. Сонымен бірге, қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіруге атсалыспақ. 

Сондай-ақ Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтіп, қарқындатуға, азаматтардың және қоғамның конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға партия тарапынан да, министрлік тарапынан да ерекше назар аударылады. Кәсіпкерлікті қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту, өмір сүру деңгейі төмен тұрғындарға қолдау көрсетуге бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе отырып жүргізу көзделеді.

Бұдан басқа тараптар ынтымақтастық негізінде бірлескен жоспарларды әзірлеп, оны жүзеге асыруға ерекше мән бергелі отыр. Атап айтқанда, бұнда қоғам мен мемлекет өміріндегі өзекті мәселелер бойынша басқосулар ұйымдастыру, БАҚ-тарды қатыстыра отырып, полиция қызметкерлері арасындағы жемқорлықтың алдын алу және анықтау бойынша бірлескен рейдтер өткізу жоспарлануда.

Меморандумға қол қою рәсімі барысында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының орынбасары Д. Кәлетаев Ішкі істер министрлігінің басшылығына бірлескен шаралар атқарудағы ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.  

Соңғы жаңалықтар