«Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау жұмыстарының қорытындысы туралы ай сайын брифинг өткізетін болады

None
None
күйектің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау жұмыстарының қорытындысы туралы ай сайын брифинг өткізетін болады.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысына байланысты өткен брифингте Қоғамдық қабылдау меңгерушісі Дарханбек Жанділдин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Д. Жанділдиннің айтуынша, қоғам арасында партияның беделін одан әрі арттыру, тұрғындардың өзекті проблемаларын тиімді шешу жүйесін қалыптастыру мақсатында алдағы уақытта бірқатар шараларды өткізу жоспарлануда. «Бұның ішінде ең алдымен Қоғамдық қабылдау орындарына келіп түскен өтініштерді қарау тиімділігін арттыру көзделеді. Ал бұның өзі жұртшылықпен кері байланыс орнатуға да қатысты болып табылады. Сондықтан да, алдағы уақытта азаматтар көтерген нақты мәселелер бойынша берілген жауаптың сапасына да баса назар аударылатын болады.

Жалпы, соңғы уақытта партия мемлекеттік органдармен байланысты жандандырып, өтініштер бойынша алынған жауаптардың жоғары көрсеткішіне де қол жеткізді. Алайда, мемлекеттік органдар туындаған мәселелердің себебін ашып, оны жоюдың орнына сырғытпа жауап берген жайттар да орын алған. Өтініш иелері де берілген жауапқа қанағаттанбай жатады. Осыған байланысты, халықты уақытылы құлағдар етіп тұру мақсатында «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысы туралы әр ай сайын брифинг өткізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, өтініштерді қарау барысында оң шешімін тапқан мәліметтер жинақталып, ол БАҚ-тарда жарияланатын болады», деді Д. Жанділдин.  

Соңғы жаңалықтар