«Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлімі жанынан консультациялық-әдістемелік орталық құрылады

None
None
күйектің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлімі жанынан консультациялық-әдістемелік орталық құрылады. Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысына байланысты өткен брифингте Қоғамдық қабылдау меңгерушісі Дарханбек Жанділдин осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні партияның қоғамдық қабылдаулары мәслихат депутаттары тарапынан жалғасын тауып, осы арқылы жұртшылықпен байланыс жалғасып отыр. Тамыз айында түрлі деңгейдегі депутаттар 1 мың 749 қабылдау жұмыстарын, 121 «Ашық есік күндерін» өткізді. Астана және Алматы қалаларында үлестік құрылысқа және несиелерді қайта қаржыландыру шараларына қатысты өтініштер әлі де түсіп жатыр. Бұндай өтініштер Қоғамдық комиссияның қарауына жіберіледі», деді Д. Жанділдин.

 Сонымен бірге, бөлім меңгерушісі жекелеген азаматтардың өздерінің мәселелерін атқару органдарына жолдамай, бірден партияның Орталық аппаратына жүгінетінін атап өтті. «Шындығында, азаматтар алдымен тиісті мемлекеттік органдарға, ал онда дұрыс шешімін таппаса ғана партияның Қоғамдық қабылдауына өтініштерін жолдауы тиіс. Дегенмен де, аталған мәселенің өзі тұрғындарға консультациялық-әдістемелік көмекті күшейту қажет екендігін көрсетеді. Осы мақсатта партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлімінде консультациялық-әдістемелік орталық құру жоспарланып отыр», деді Д. Жанділдин.

Соңғы жаңалықтар