«Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлімдері жұртшылықтың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етіп отыр

None
None
күйектің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлімдері жұртшылықтың өзекті мәселелерін шешуге оң ықпал етіп келеді.

Сонымен бірге, бұл шара халықтың партияға деген сенімін арттырып отыр. Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысына байланысты өткен брифингте Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дарханбек Жанділдин осылай  мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Д. Жанділдинның айтуынша, соңғы уақыттарда азаматтар тарапынан Қоғамдық қабылдауға жолданған шағымдардың ішінде тұрғын үй және тұрғын үй коммуналдық мәселелер бойынша  өтініштер жиі кездеседі. Бұдан басқа, кейінгі жылдары жеке секторда жұмыс істеуші азаматтардан екбекақылары төленбегені жөнінде түскен шағымдар саны да өскені байқалады. Сот шешімімен келіспеу туралы және жұмысқа тұру мәселесі жөнінде түсетін өтініштер саны да артып отырған көрінеді. Мәселен, ағымдағы жылдың тамыз айында партияның Қоғамдық қабылдауына жауапты тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері туралы - 74, сот шешімімен келіспеу туралы - 43, тұрғын үй мәселелері жөнінде - 31 өтініш келіп түскен.

«Ағымдағы жылы жалпыреспубликалық «Көшпелі қоғамдық қабылдау» акциясының бірнеше кезеңі өткізілді. Осы шараның өзі қоғам арасында жағымды резонанс тудырып отыр. Шараны ұйымдастырушылар барлық аумақтарға, аудан орталықтарына және жергілікті жерлерге шығып, азаматтардың өтініштерін қабылдады. Халыққа құқықтық кеңестер де ұйымдастырылды. Жалпы, бұндай Қоғамдық қабылдау бөлімінің қызметі партия имиджін одан әрі нығайтып, қоғамдық пікірді зерделеуге және өзекті мәселелерді шешуге ықпал етіп келеді. Партияның аумақтық филиалдарында сенім телефондары, хаттарға арналған жәшіктер орнатылған. Партия Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлімі мемлекеттік органдармен өзара қатынасын арттырды. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға жолданған азаматтар өтініштері бойынша алынған жауаптар санының жоғары көрсеткішіне қол жеткізілді», деді Д. Жанділдін.

Соңғы жаңалықтар