«Нұр Отан» ХДП бастамасымен Әлеуметтік қақтығыстарды шешу жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды

None
None
анның 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -«Нұр Отан» ХДП бастамасымен елімізде Әлеуметтік қақтығыстарды қарау және шешу жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Бұл туралы бүгін партияның Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Партия Төрағасының орынбасары Дархан Кәлетаевтың айтуынша, аталған Кеңес ауқымды қоғамдық мәнге ие болып, ұзақ уақыттан бері қарай шешімін таппай келген өтініштерді, үндеулерді қарайтын болады. «Бұл бағытта қандай да болмасын мәселеге қатысты белгілі бір шешімді қабылдау үшін оның үдерісіне елдегі азаматтық қоғам күштерінің жұмыла атсалысқандығы қажет.  Мемлекет басшысы мен партия Лидері Н. Назарбаев Алматы қаласында өткен жиында бұндай кеңесті құру туралы бастамаға қолдау білдірген болатын. Сондықтан да, осы Кеңесті құруды Елбасының бастамасы десек те болады», деді Д. Кәлетаев. Сонымен бірге, төрағаның Бірінші  орынбасары Кеңес жұмысына қатысуға еліміздің барлық саяси және қоғамдық ұйымдарын шақырды.

Әлеуметтік қақтығыстарды шешу жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес байланыстары мынадай:

Телефон:  (7172) 555597 

Факс: (7172) 707639

E-mail: [email protected]

Соңғы жаңалықтар