«Нұр Отан» ХДП Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы мен Латын Америка және Кариб өңірі саяси партиялары Тұрақты конференциясының ғаламдық бастамаларына қолдау білдіреді

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Нұр Отан» ХДП Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы (АСПХК) мен Латын Америка және Кариб өңірі саяси партиялары Тұрақты конференциясының (COPPAL) ғаламдық бастамаларына қолдау білдіреді.

Бүгін Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы Тұрақты комитетінің 11-і кезекті отырысы барысында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев осылай мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы мен Латын Америкасы және Кариб өңірі (COPPAL) саяси партиялары Тұрақты конференциясының бірлескен отырыс өткізу туралы  ғаламдық бастамаларына қолдау білдіреміз. Бұндай форумның бірегейлігі мен рөлі жаңа тарихты зерттеушілер тарапынан орнықты бағасын алады деп санаймыз. Екі жартышардағы беделді саяси институттың бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бірлесе әрекет етуі, ынтымақтаса алға басуы бүкіл адамзаттың игілігіне арналады деп ойлаймыз», деді Д. Кәлетаев. Сондай-ақ,  партия Төрағасының орынбасары азиялық бағытта  партияаралық диалогты дамыта отырып, «Нұр Отан» ХДП-ның өңірдегі алдыңғы қатарлы саяси партиялармен дастық қарым қатынасын барынша нығайта түскенін мәлімдеді.  

Сонымен бірге, жиын барысында COPPAL 30 жылдығына орай 2009 жылғы қазанның 10-12-сі аралығында Санто-Домингода өтетін Латын Америкасы және Кариб өңірі (COPPAL) саяси партиялары Тұрақты конференциясының Үйлестіру органының пленарлық кеңесіне Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы мүшелерінің қатысуы туралы мәселе талқыланды.

Соңғы жаңалықтар